Жаңалықтар

«МҰҚАҒАЛИ – МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР»

2024 жылдың 8 ақпанында Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өтті. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Шара барысында «Жазылар естеліктер мен туралы» кітап көрмесі таныстырылып, «Поэзия патшасы» атты бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, кездесу кешінде Талдықорған қаласындағы №18, 125, Innoverse және Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебінің оқушылары өлеңдерін жатқа оқып, поэзиялық шеру ұйымдастырылды. №18 мектептің кітапханашысы Мария Данабатшақызы ақын шығармашылығы туралы өз пікірін білдірді. Сонымен қатар,...
Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.02.2024

«Әйтеке биден қалған сөз»

Би, шешен, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай «Әйтеке биден қалған сөз» атты шешендік сөздерден сайыс өтті. Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқырмандарға ұғындыру, мән-мағынасын ашу. Жас ұрпақты шешендік сөздер арқылы тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу мақсатында өткен сайысқа қала мектептерінің 8 сынып арасында Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі мен М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының үш оқушыдан құралған 2 топ қатысты. Сайысқа әділ бағасын беріп төрелік етуге Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Құспекова, С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының кітапханашысы, мәдениет қайраткері Г.Шегенова және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы М.Ерғалиева қазылық етті. Сайыс төрт кезең бойынша өтті. I-кезең «Сәлем - сөздің анасы» үй тапсырмасы. II-кезең «Шешеннің сөзі – ақылдың көзі» ша...
Толығырақ... Оқылды: 104 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.02.2024

«Жетісу – кітап керуені»

2024 жылғы 6 ақпан күні сағат 10.00-де Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Жетісу – кітап керуені» жобасы аясында 2006 жылдан бастап облыс әкімінің қолдауымен жарыққа шыққан ақын-жазушылар, композиторлар мен суретшілердің кітаптарынан Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 500 дана сыйға тарту мақсатында ұйымдастырылған мәдени іс-шара өтті. Шараны Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастырды. Кітап керуенінің бастаған делегацияны шығарып салуға ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының әдеби иегері Әміре Әрін және ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым рәсіміне қатысып, ақ тілегін білдірді. Сонымен қатар қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қыдыралыұлы Нұртай бата беріп, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай ізгі тілегін арна...
Толығырақ... Оқылды: 88 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.02.2024

Жетісу - кітап керуені!

Жетісу - кітап керуені!
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Афиша Уақыты: 02.02.2024

«Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесінің жабылу салтанаты өтті.

Кітап оқуды насихаттап өскелең ұрпақ өміріне лайықты кітап оқу мәдениетін кеңінен қалыптастыру мақсатында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық Көркемөнер галереясында «Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесінің жабылу салтанаты өтті. Шараның салтанатты жабылуында сөз алған Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов «Ұрпақ тәрбиесінде, қоғамның дамуында кітаптың рөлі зор. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен насихаттау, қазақ әдебиетін дамытуға қолдау жасау – біздің ортақ міндетіміз. Адам өмірде өз орнын тапқысы келсе, қандай да бір жетістікке жетемін десе, ең алдымен кітап оқуы керек екенін және кітап жәрмеңкесінің жалғасатынын айтты». Кітап жәрмеңкесіне Алматы қаласынан арнайы келген әдебиет жанашырлары ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының...
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.01.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика